Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Созақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, № 6-14.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-4) Өсімдіктер карантині жөніндегі карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылайды. Шетелдік тұқымдар мен көшеттік материалдармен өндірілген пайдаланатын жерді, егістікті және көшеттерді, астық қабылдау пункттерін, қоймаларды және басқа да күй-жайды тексеруді жүргізеді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді, сондай-ақ, мүдделі адамдарға ақпарат береді. Карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды және фитосанитарлық (карантиндік) сертификат береді. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың белгіленген карантиндік Ережені және іс-шараларды орындауына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы Заңдарында белгіленген тәртіппен, іс-шаралар Ережесін барлық меншік нысандағы базарларда, ұйымдар мен ведомстволарында орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағын карантин объектілерден қорғау ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік кұқық бұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салады және өсімдік, өсімдік тектес өнімдерді әкелу, әкету, импорт, экспорт, карантинді тексеруден өтпеген, құжаттары болмаған жағдайда хаттама толтырылады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885