Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Кадр және әкімшілік жұмысы басқармасының сарапшысы, C-5 (3 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Кадрлық қызметке қатысты мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, Комитет төрағасы мен басқарма басшысының тапсырмаларын орындайды; Кадр мәселелері жөніндегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық инспекцияларының жұмысын үйлестіреді; Комитет қызметкерлерінің, облыстық аумақтық инспекция басшылары мен басшылары орынбасарларының, аудандық (қалалық) аумақтық инспекция басшыларының еңбек демалыстарының кестесін әзірлейді және бекіту үшін енгізеді; Комитеттің лауазымды тұлғаларымен, облыстық аумақтық инспекция басшыларының басшыларымен және басшыларының орынбасарларымен, аудандық (қалалық) аумақтық инспекция басшыларымен демалыстардың барлық түрлеріне өтініш қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады; Комитеттің лауазымды адамдарының, облыстық аумақтық инспекция басшылары мен басшыларының орынбасарларының, аудандық (қалалық) аумақтық инспекция басшыларының демалыстарының барлық түрлері бойынша тиісті есепке алуды және талдауды жүргізеді; Комитет қызметкерлерінің, ОАИ басшылары мен олардың орынбасарларының, аудандық (қалалық) аумақтық инспекция басшыларының демалыстарының барлық түрлеріне бұйрықтар дайындайды; Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес Комитеттің лауазымды тұлғаларына демалыс беруге бұйрықтар дайындайды; ҚББЖ-дан түсіру бойынша жұмысты жүргізеді, үстеме жұмыс бойынша ақпаратты талдайды және дайындайды; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ИААЖ кіші жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді; ОАИ, ведомстволық бағынысты ұйымдарға кадр мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды; Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы Министрлігінің кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментімен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет пен басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.08.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 2 кіреберіс
-
8 (7172) 555 945