Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті Халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
428566
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Мүмкіндігінше шет тілдерін білуі.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін бақылау және ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының шет елдермен ынтымақтастығын нығайту бойынша жұмыстарды үйлестіру; сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия отырыстарына материалдар дайындау және Министрлік жауапты орган болып айқындалған үкіметаралық комиссиялар отырыстарын өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру; жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында және шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) мен олардың кіші комиссиялары шеңберінде қол жеткізілген халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа да министрліктеріне тоқсан сайынғы және жартыжылдық есептік ақпаратты дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; шет елдермен ауыл шаруашылығы саласында (негіздемелік сипаты бар) халықаралық келісімдерді жасасу бойынша жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ олардың күшіне ену жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу; халықаралық келісімдердің (салалық мәселелер бойынша) жүзеге асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты (құрылымдық бөлімшелердің ақпараты негізінде) дайындау; Министрлік құрылымдық бөлімшелеріне салалық мәселелері бойынша халықаралық келісімдерді жасасу бойынша жұмыстарына консультациялық жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) және т.б.); ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, ұлттық экспорттық стратегия мен агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясаты шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық келісімдерді, хаттамаларды және меморандумдарды әзірлеуге және келісуге қатысу; Қазақстан Республикасының шет елдермен, ірі халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстарына қатысу; агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясатына қатысты кездесулер мен кеңестерге арналған материалдарды дайындау бойынша жұмысты үйлестіру; аналитикалық және презентациялық материалдарды, есептер мәтіндерін, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық саясатына қатысты іс-шаралар жоспарларын дайындауды үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, ведомстволық бағынысты мекемелермен, жеке және заңды тұлғалармен жұмыстарды үйлестіру; экспорттық саясат бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстарды үйлестіру; Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870