Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батысс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторы, санаты C-R-4, 1 бірлік № 11-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-4) Қазақстан Республикасы «Асыл тұқым мал шаруашылығы туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі және асыл тұқымды мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктерді сақтау туралы қаулыларының сақталуын мемлекеттік бақылау. Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы биотехнологиялық әдістермен жаңа технологиялардың, селекциядағы материалдар, инструменттер мен қондырғылардың қолданылуына, асыл тұқымды өнімдердің (материалдар) алынуына мемлекеттік бақылау жасау. Аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субьектілеріндегі асылдандыру жұмыстарының жағдайы, асыл тұқымды есепті жүргізу және есеп беруді мемлекеттік қадағалау. Жоғарғы мекемелерге асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы және қазіргі жай – күйі туралы ақпараттар және есеп беру. Асыл тұқымды мал шаруашылығының есебін жинау және жинақтау. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының № 375-V Кәсіпкерлік Кодексіне сүйеніп инспекторлық тексерістерді жүргізеді, заңдарды бұзған кезде жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885