Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Тасқала аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы, санаты C-R-4, 1 бірлік № 17-2

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау. Әкелінетін, шығарылатын карантинге жатқызылған өнімдерге, көліктерге, жолаушылардың жүктері мен қол жүктеріндегі өсімдіктерге үнемі карантиндік тексеру жүргізу, карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық, карантиндік сертиификаттар беру. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасумен, сатумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың, карантиндік шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу, бақылау зерттеу жүргізу, шетелден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді өңдейтін, сататын шаруашылық субъектілеріне бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.07.2022 – 28.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885