Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқу демалыс кезеңіне 20.01.2020-31.01.2024), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 15-2-5.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
(блок В-4) Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу; Жеке құрам бойынша бұйрықтарды әзірлеу, соның ішінде еңбек демалысы, мемлекеттік қызметке кіру, өту және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; Кадр мәселелері жөніндегі конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және басқа комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Инспекцияда кәсіптік бейімделуді және тәлімгерлік жұмысын ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметшілерді оқыту (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) кестесін жасау; Уәкiлеттi органға бос лауазымдардың тiзiмдерiн, аттестаттауға жататын мемлекеттiк қызметшiлердiң тiзiмдерiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi ұсынуға дайындау; Мұрағатқа тапсырылатын істерді қалыптастыру; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, этикалық нормаларды бұзған жағдайда жауапты болады. Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы 6 А, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8 (7172) 555-885