Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 3 бірлік, № 03-03; № 03-04; № 03-06.
ҚР АШМ АӨК МИК Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы
Шығыс Қазақстан облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-5)
Облыс аумағында мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасында анықталған бұзушылықтарды жою, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мониторинг жүргізеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылайды. Карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді және қажет болған кезде зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ олар карантиндік не фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған кезде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда фитосанитариялық бақылау бекеттерінде қарап, жете тексереді, карантинге жатқызылған өнімдерді мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде кідіртеді, көлік құралдарын тоқтатады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Өскемен қаласы, Крылов көшесі 40
-
8 (7172) 555-885