Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шекарадағы ветеринариялық бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2022 жылғы 21 тамызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүргізу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты  рұқсат етілетін ұйымдарды анықтау туралы шешім шығарады; экспорттаушы шет елдердің аумағында Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуынан, басқа мемлекеттерден ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті объектілердің әкелінуінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын үшінші елдердің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады; ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен тұлғаларға бірлескен тексерулер (инспекциялау) жүргізеді; Комитет басшылығына Кеден одағына мүше мемлекеттермен бірлесіп, ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес үшінші елдердің кәсіпорындарын ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді; халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісінше ақпарат негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болып табылған жағдайда, уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді; ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келісімдейді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді; Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді; Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды; Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

(блок А-6)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.07.2022 – 13.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.07.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 2 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945