Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Бюджет жиынтығын әзірлеу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) бюджет заңнамаларын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламалар жобаларын Стратегиялық жоспар жобасына (немесе Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларына) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, бюджеттік заңнамаларына сәйкестігін қарастыру; бюджеттік өтінімдерді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және Бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігін қарастыру; ҚР ҰЭМ және ҚР ҚМ-не енгізу үшін, Министрлік басшылығының қарауына енгізетін бюджеттік өтінім жинағын қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау бойынша қорытынды дайындау; тиісті үш жылдық кезеңге Министрліктің бюджеттік өтінімінің жиынтығын қалыптастыру, Республикалық бюджеттік комиссиясының отырысына материалдарды дайындау бойынша құрылымдық бөлімшелерге көмек беру; «Бюджетті жоспарлаудың ақпараттық жүйесі» (БЖАЖ), «Қаржыландыру жоспары» ақпараттық жүйелеріне деректердің енгізілуін қамтамасыз ету; бюджет қаражатының болуына және бюджеттік заңнама нормаларының сақталуына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; тиісті жылға республикалық бюджетті іске асыру ауқымында әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; ҚР ҚМ бюджеттік өтінімді қорғауға; Қазақстан Республикасы Парламентінде үш жылдық кезеңге арналған Министрліктің бюджеттік өтінімін қорғау бойынша материалдарды дайындауға; міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жиынтық жылдық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарларын құруға қатысу; тиісті үш жылдық кезең аралығындағы бюджеттік бағдарламаларды (жобалар) жоспарлау мәселелері бойынша Министрлік коллегиясы отырысына материалдарды дайындауға қатысу; Республикалық бюджетті нақтылау және түзету бойынша Министрліктің бюджеттік өтінім жинағын қалыптастырады; ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау, Министрлік, Департамент, Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870