Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне дейін 30.07.2024 ж.), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 3-3-7.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Биология
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
блок А-5
Республика аумағына басқа мемлекеттерден немесе карантинді аймақтардан карантинді нысандардың әкелінуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау мақсатында, карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiру, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының бар-жоғын анықтау, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзу, жете тексеру, өсiмдiктердің карантиндік зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзу. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлерді уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға жіберу. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу, карантиндік фитосанитариялық талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салу, жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығару, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Тараз қаласы, Пушкина көшесі 140 Б
-
8 (7172) 555-885