Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті кадр және әкімшілік жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Кадрлық қызметке қатысты мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, Комитет Төрағасы мен басқарма басшысының тапсырмаларын орындайды; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ИААЖ кіші жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді; кадр мәселелері жөніндегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық инспекцияларының жұмысын үйлестіреді Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды; Мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларымен белгіленген тәртіпте Комитеттің салалық басқармаларымен бірлесіп Комитеттің лауазымды тұлғаларына, ОТИ басшылары мен басшыларының орынбасарларына, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардың басшыларына қатысты қызметтік тексерулер жүргізеді; Комитеттің лауазымды тұлғаларынан және облыстық аумақтық инспекция басшыларының орынбасарларынан, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан түсініктемелер сұратады; Комитеттің лауазымды адамдарының, облыстық аумақтық инспекция басшылары мен басшы орынбасарларының және аудандық (қалалық) аумақтық инспекция басшыларының тәртіптік іс жүргізу материалдарын қарау жөніндегі тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастырады; тәртіптік жауапкершілікке тартылған (алынған) Комитеттің және аумақтық инспекцияның лауазымды тұлғалары туралы есептерді дайындайды және тапсырады; Комитеттің лауазымды тұлғалары, облыстық аумақтық инспекциялар басшылары, басшылары орынбасарлары, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары жол берген бұзушылық фактілерін анықтау бойынша УКПСБ деректер базасынан түсіруді жүргізеді; Комитет қызметкерлерінің, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қылмыстық жауаптылыққа тартқан басшыға не оған қатысты қылмыстық іс шындыққа жанаспайтын негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау бөлігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін орындау барысын бақылайды; Негізгі қызметкер (басшы), сондай-ақ ОАИ, ААИ (ҚАИ)басшылары болмаған кезде міндеттерді уақытша орындауға бұйрықтар дайындайды; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша комитеттің облыстық аумақтық инспекцияларымен апта сайынғы аппараттық кеңестерін ұйымдастырады; Комитет төрағасы аппараттық кеңестерде берген тапсырмалардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асырады; ОАИ, ведомстволық бағынысты ұйымдарға кадр мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы Министрлігінің кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментімен өзара іс-қимыл жасайды; басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады; Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет пен басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.04.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945