Ішкі аудит департаменті Мониторинг және бағалау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 05.04.2022 ж. бастап 11.01.2025 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Азаматтық кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі
Функционалды міндеттер
Кешенді жұмысты жүзеге асыру, Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру; Министрлікте және аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметтерінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізуге қатысу; Министрлікте және аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметтерінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізуге қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметінің тиімділігіне белгіленген мерзімде ішкі бағалауды жүргізу; Министрлікте жылдық жоспардың орындалуына мониторинг жүргізу; бюджет шығындарымен байланыстыра отырып Министрліктің Даму жоспар мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына талдау жүргізу;. Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша материалдар мен пікірлерді уақтылы дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870