Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 24.06.2019 ж. бастап 04.05.2022 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

320540

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқармасының қызметін жалпы басшылық жасау; Басқармаға түсетін хат-хабарларды қарау және тарату; басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде Басқарманың, Министрліктің өкілі болуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасын жоспарлау және орындау; әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау, сәйкестік сертификаттарына, ақпараттық жүйелер пайдалануға еңгізуіне, ай сайынғы және тоқсан сайынғы көрсетілетін қызметтер қабылдау үшін әкімшілетін бюджеттік кіші бағдарламалар туралы есептерге және басқа құжаттарға қол қою; пайдаланушылардың министрлігінің ақпараттық жүйелерін пайдалануын үйлестіру; ақпараттық технологияларды қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу; ақпараттық технологияларды қолдану және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; әкімшілік бюджеттік кіші бағдарламалардың жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды дайындауда қатысу; ауыл шаруашылығы саласындағы ақпаратты дамыту және жетілдіру үшін негізгі бағыттар мен басымдықтарды жүзеге асыру туралы өз құзыреті шегінде шешім қабылдау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; ақпараттық технологияларға қатысты ішкі құқықтық актілерді келісу және материалдарды, анықтамаларды әзірлеу; қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізу бойынша Департамент директоры мен директордың орынбасарына анықтамалар мен өтінімдерді әзірлеп, ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Департамент құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.04.2022 – 28.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870