Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кеңсе бірлігі), санаты С-О-5, 1 бірлік, 12-3-5.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Журналистика және ақпарат
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы және тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу және бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және стратегиялық құжаттарды білу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында заңнаманы және функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
(блок В-4)
ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс-қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Облыстық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат-хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды. Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді, орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және мерзімнен кешіктірмей жауап беруін бақылайды. Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыруды жүргізеді. Әскери комиссариат үшін Павлодар қ. бойынша әскери міндетті қабылданған/босатылған қызметкерлерді есепке алуды жүзеге асырады. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды, істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпаратты жеткізеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Қатаң есепке алу бланкілерінің есебін жүргізеді. Облыстық аумақтық инспекцияның қабылдау бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастырады. Арнайы байланыс арқылы жіберу үшін құжаттарды ресімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71, жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885,