Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 09.04.2024 жылға дейін), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 4-04
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Қарағанды облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
С-О-5 (блок В-4)
Функционалдық міндеттер: банкілік операциялардың есебін жүргізу, Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру, инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбек ақыларын есептеу, әлеуметтік, жеке табыстық, қоршаған ортаның ластануы жөніндегі, жылдық жиынтық салықтар жөнінде декларация толтыру, жинақтаушы зейнетақы қорымен есептесу. Шығындар сметасы мен олардың есептерін құру. Қазынашылық органдарда тіркеуге жіберу үшін жасалған келісім шарттар бойынша өтінімдер және оның реестрлерін жасау; ҚР АШМ облыстық инспекциясының кредиторлық және дебиторлық берешектерінің жинағын жасау. Мекемелердің активтерінің түгелдігін бақылау. Толық материалдық жауапкершілік жөнінде қызметкерлермен келісім-шарт жасау. Бюджеттік қаражатты игеру бойынша апталық және айлық ақпарат дайындау. "Жинақтаушы ведомостар бойынша есеп беретін адамдармен есеп айырысуы" жасау.
Негізгі материалдар, құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың шығынға жазылғандығы туралы акт толтыру, құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың түгелдігін бақылау. Орталықтандыру жолымен бөлінетін пестицидтердің және фитосанитарлық, карантиндік сертификаттардың есебін жүргізу. Жанар-жағар майлардың есебін жүргізу, жүргізушілерге жол парағын беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізеді, басқада инспекция және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік мекемелермен келісім шарттарын дайындаған кезде олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету.Заңгерлік қызметтерінің, іс жүргізу қызметіне, техникалық персоналдардың жұмыстарына басшылық жасау. Лауазымдарына және біліктіліктеріне сәйкес бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөлу. Қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді қатаң сақтау. Мемлекеттік қызметші өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзышылық жәйттері туралы жеткізу. Басқа да Инспекция басшысы оның орынбасары жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 11 А
-
(87172) 555-885