Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шекарадағы ветеринариялық бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
260615
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сатумен айналысатын объектілерге, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша ұйымдарға қатысты, шет мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзырлы органдарынан анықталған құқық бұзушылықтар туралы алынған ақпараттар және тексерістер негізінде ветеринариялық-санитарлық шаралар енгізеді; ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келісімдейді; ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, утилизациялау және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды үйлестіреді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру; шет елдердің ветеринариялық қызметтері бұзушылықтарды анықтаған жағдайда қазақстандық объектілерге тексеруді ұйымдастырады және жүргізді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді; Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді; Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды; Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.03.2022
- жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945