Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының сарапшыcы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
211313
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген «Б» корпусының тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
- Министрліктің нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобаларына сараптама жүргізу;
- Министрлік қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, нормативтік құқықтық бұйрықтар бойынша қорытындылар дайындауға қатысу;
- Министрліктің миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік құқықтық бұйрықтарға мониторинг жүргізуді үйлестіру;
- белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда (сондай-ақ сот және құқыққорқау) және басқа да ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;
- комиссия және жұмыс топтарына қатысу;
- Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
- Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқыту;
- жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;
Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870