Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 09.04.2024 дейін), 1 бірлік, № 4-04.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Бизнес, басқару және құқық саласында: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары бойынша  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

Функционалды міндеттер

(блок В-4)

Банкілік операциялардың есебін жүргізу, Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру, инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбек ақыларын есептеу, әлеуметтік, жеке табыстық, қоршаған ортаның ластануы жөніндегі, жылдық жиынтық салықтар жөнінде декларация толтыру, жинақтаушы зейнетақы қорымен есептесу. Шығындар сметасы мен олардың есептерін құру. Қазынашылық органдарда  тіркеуге жіберу үшін жасалған келісім шарттар бойынша өтінімдер және оның реестрлерін жасау; ҚР АШМ облыстық инспекциясының кредиторлық және дебиторлық берешектерінің жинағын жасау. Мекемелердің активтерінің түгелдігін бақылау. Толық материалдық жауапкершілік жөнінде қызметкерлермен келісім-шарт жасау. Бюджеттік қаражатты игеру бойынша апталық және айлық ақпарат дайындау. "Жинақтаушы ведомостар бойынша есеп беретін адамдармен есеп айырысуы" жасау. Негізгі материалдар, құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың шығынға жазылғандығы туралы акт толтыру,  құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың түгелдігін бақылау. Орталықтандыру жолымен бөлінетін пестицидтердің және фитосанитарлық, карантиндік сертификаттардың есебін жүргізу. Жанар-жағар майлардың есебін жүргізу, жүргізушілерге жол парағын беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізеді, басқада инспекция және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік мекемелермен келісім шарттарын дайындаған кезде олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету.Заңгерлік қызметтерінің, іс жүргізу қызметіне, техникалық персоналдардың жұмыстарына басшылық жасау. Лауазымдарына және біліктіліктеріне сәйкес бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөлу. Қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді қатаң сақтау. Мемлекеттік қызметші өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзышылық жәйттері туралы жеткізу. Басқа да Инспекция басшысы оның орынбасары жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.02.2022 – 24.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

100015, Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 11 А

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885