Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының Қордай аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі инспекторы, 1 бірлік, № 6-5-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы: агрономия немесе өсімдік қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия немесе жеміс-көкөніс шаруашылығы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы: биотехнология немесе биология мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орныннан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім,

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу;  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

 

Функционалды міндеттер

(блок А-4)

Инспекцияда өсімдік қорғау саласы бойынша тиісті фитосанитариялық қауіпсіздік іс-шараларын атқару,   мәліметтер мен есептіліктерді жинақтап, жоғары органға және қажеттілігіне қарай басқа тиісті органдарға  ұсыну

Аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін анықтап, лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру 

Тиісті белгіленген аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау, өсімдік қорғау және карантин саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу

                                                                       

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.02.2022 – 02.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

080011 Тараз қаласы, Пушкина көшесі, 140 Б-үй

Анықтама алу үшін байланыс

(87172)555-885