Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 9 қарашаға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитет әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу және оларға өзгеріс енгізу; Қаржылық құжаттардың уақытылы және дұрыс жасалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратының және орталық аппараттың сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік өтінімнің толықтығына және ұсынылған құжаттардың (бюджеттік бағдарламаның төлқұжат жобасы, дәлелдеме есептер, түсініктеме хат, ММ формалары, нормативтік құқықтық актілер көшірмелері) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкестігіне, ұсынылған дәлелдеме құжаттардың толықтығына қарастыру және келісу; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратының және орталық аппараттың сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің 001-123 «Ағымдағы әкімшілік шығыстар» бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімнің толықтығына және ұсынылған құжаттардың (бюджеттік бағдарламаның төлқұжат жобасы, дәлелдеме есептер, түсініктеме хат, ММ формалары, нормативтік құқықтық актілер көшірмелері) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы №233 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкестігіне, ұсынылған ивестициялық жобалардың басым инвестициялық жобалар тізіміне сәйкестігіне, 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес дәлелдеме құжаттардың толықтығына қарастыру және келісу; Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу (249 бағдарлама); Мүліктік меншікті бір түрінен екіншісіне беру туралы ұсынымдарын қарастыру және келісу (РВЗ, ВҰРО, РПО); Бағынысты аумақтық бөлімшелердің нормативтік жобалар ережелерін қарастыру (РВЗ, ВҰРО, РПО); Кесте бойынша бекітілген, Комитеттің аумақтық мемлекеттік мекемелердің мүліктерді есептен шығару құжаттарың қарастыру және келісу (РВЗ, ВҰРО, РПО); Бюджеттік бағдарламаларға бағалау жүргізу; Республикалық бюджеттің орындалуы бойынша және АЖ ЕТБЖ арқылы Комитет активтерін түгендеу бойынша есептерді тапсырады; Комитеттің бекіткен кестеге сәйкес бағыныстағы ұйымдардың (РЭҚО, РВЗ, ВҰРО) активтерін есептен шығаруды қарастыру және келісу; Комитеттің негізгі құралдарына түгендеу жүргізеді; Директивті құжаттарды, Комитет басшыларының, Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау; Комитеттің бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының орындалуын іске асыру; ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттің орындалуы бойынша жұмыс жүргізу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында Комитетке қызмет көрсететін (жұмыстарды жасайтын, тауарларды әкелетін) ұйымдармен бюджеттік қаражат есебінен жасалынатын азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды тіркеуді қамтамасыз ету; Кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуына бақылау және талдау жүргізу; Ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларға берілген мүлікті алу және қайта бөлуге мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға келісім беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына енгізу; «Ветеринария бойынша ұлттық референтік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Комитет басшысына бекіту үшін жолдайтын даму жоспарларына және олардың орындалуы туралы есептеріне келісім беру; Республикалық мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен қаржылық жоспарларын бекітуді қамтамасыз ету; мемлекеттік мекемелерге мүлікті тіркеуді қамтамасыз ету; Кәсіпорындардың республикалық бюджетке таза табысының белгіленген бөлігін уақытылы және толық аударуына бақылау жүргізу; бухгалтерлік және қаржылық қызметке қатысты ережелерге, нұсқамаларға, есеп пен есептілік сұрақтары бойынша методикалық нұсқаулықтарға жүйелік есеп жүргізу; негізгі қызметкердің болмаған кезде Комитеттің уақытша қаражаттарды орналастыру шотында түскен ақшалай қаражаттарға есеп жүргізеді (5-20 нұсқадағы есепті), (түскен кепілдік қаражаттарды түсіміне, қайтарылуына есеп жүргізеді); Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, Комитет және Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.01.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945