Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, С-R-4 санаты, 1 бірлік
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі білім ауыл шаруашылығы, орман, балық шаруашылығы және ветеринария саласында: агрономия
Мемлекеттік лауазымда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес өтілі екі жылдан кем емес болған жағдайда кәсіби және техникалық және ортадан кейінгі білім жіберіледі.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Әкелінетін, шығарылатын карантинге жатқызылған өнімдерге, көліктерге, жолаушылардың жүктері мен қол жүктеріндегі өсімдіктерге үнемі карантиндік тексеру жүргізу, карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар беру. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасумен, сатумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың, карантиндік шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу, бақылау зерттеу жүргізу, шетелден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді өңдейтін, сататын шаруашылық субъектілеріне бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктер карантині бойынша шаралардың орындалуы туралы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңдылықтарды бұзған лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Заңнамаларға сәйкес басшылықпен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.01.2022
- Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75 үй,
-
8-7172-555-885