Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті кадр және әкімшілік жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (6 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитет қызметкерлерінің, ОАИ, ААИ (ҚАИ) басшылары мен орынбасарларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен орынбасарларының жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді; Комитеттің бос әкімшілік лауазымдары туралы хабарландыруды қалыптастырады; Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысына конкурсқа қатысушылардың ұсынылған құжаттары, тестілеу және өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде олардың қатарынан бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін материалдар дайындайды;  Мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады; Комитеттің лауазымды тұлғаларынан және облыстық аумақтық инспекциялардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан, орынбасарларынан түсініктеме сұратады; Комитет қызметкерлерінің, ОАИ, ААИ (ҚАИ) басшылары мен орынбасарларының және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылығының қызметтік тізімдерін дайындауды жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ИААЖ кіші жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы Министрлігінің кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментімен өзара іс-қимыл жасайды; Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарайды; Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет пен басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.12.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.01.2022 – 10.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.01.2022

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945