ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретінің шегінде іске асырылатын Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу; агроөнеркәсіп секторындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспарларын әзірлеу мен келісу; агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын әзірлеу мен келісу; АЭФ шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру мен жүргізу; ел деңгейіндегі форумдар мен көрмелерді ұйымдастыруға қатысу; ИИДМБ шеңберінде Қазақстанды индустриаландыру картасына кіретін жобаларға салалық қорытындылар берілуін үйлестіру; отандық және шетелдік инвестицияларын тарту бойынша жұмыс жүргізу; инвестиициялық бағдарламаларды іске асыру; инвестициялық жобаларды сүйемелдеу; «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу; шетел инвесторларының инвестициялық жобалардың дерекқорындағы ақпаратты жаңарту; www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интернет-ресурсының бөлімдерін жаңарту үшін ақпарат беру; ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық климатты жақсарту бойынша заңнаманы өзгерту; Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын құзыреті шегінде орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Кенесары, 36
-
8 (71-52) 555-870