Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшылары, санаты С-4, 2 бірлік, 18-7-4, № 18-7-5.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес және басқару
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Комитеттің кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; кадрлық құрамды қалыптастыру және Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыру; басқарма құзыреті шегінде кадрлық іс жүргізуді "Е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық, нақты санының мониторингі; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Комитеттің, аумақтық инспекциялардың құрылымы мен штат санын әзірлеу және бекітуге енгізу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымы мен штат санын әзірлеу және бекітуге енгізу; мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған адамдарды бейімдеу және қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға кәсіби даярлау үшін тәлімгерлік Жұмыс жүргізу; мемлекеттік қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның үлгілік біліктілік талаптары негізінде Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; біліктілік сипаттамалары негізінде ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; кадр саясаты мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың НҚА жобаларын қарау; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға "персоналды басқару" бойынша операциялық бағалау жүргізу үшін есептік ақпаратты, сондай-ақ "Е-Қызмет" арқылы мемлекеттік қызметшілердің мониторингі бойынша, кадрлардың ауысуы, Кадрлық тұрақтылық бойынша тоқсан сайынғы есептік деректерді ұсыну; "персоналды басқару"бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау жағдайына талдау және мониторинг жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.12.2021
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
555-885