Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2021 жылғы 13 наурызға дейін).
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда инспекция қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен инспекцияның мүдделерiн бiлдiру; Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен инспекцияда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру; инспекция әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды инспекцияның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және инспекция басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындау; инспекцияда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру; заңнамалық актілерде көзделген жағдайда инспекцияның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша инспекция атынан түсiнiктеме дайындау; инспекцияға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастыру; инспекцияның норма шығармашылық қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша инспекция басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау инспекцияның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда инспекцияның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша істерін деректер базасына енгізу жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.05.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А
-
8(7172) 98-96-09