Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Директивалық құжаттарды, Комитеттің жоғары тұрған басшылығының тапсырмаларын орындау; аумақтық инспекциялардың қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөніндегі есеп жиынтығы (бухгалтерлік есеп); аумақтық инспекциялардың алдағы жылдарға жылдық бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік және салалық заңнамалардың нормаларына сәйкес қаржыландыру жоспары мен олардың есебін құрастыру, аумақтық инспекциялардың жеке қаржыландыру жоспарын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қалыптастыру; комитеттің, бағынысты мекемелердің және аумақтық инспекциялардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарлама) шеңберінде төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; ай сайынғы мониторинг жүргізу (аумақтық инспекциялардан ақпаратты жинау және өңдеу); ведомстволық бағынысты мекемелердің және аумақтық инспекциялардың штаттық кестесін келісуге қатысу; комитет пен оның бағынысты мекемелерінде есепте тұрған мүлікті есептен шығару, ауыстыру және оны сатуға беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; есепте тұрған автокөлік пен негізгі қаражаттардың жиынтық есебін және талдауын жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өініштерін қарау, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.05.2020
- город нур-Султан, улица Кенесары, 36, здание Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
-
8-707-340-5668