Астық, асыл тұқым инспекциясы және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; малды күтіп ұстау, азықтандыру жағдайларын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, ведомостволық статистикалық есепті жинап талдау; асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізу, Қазақстан Республикасының асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарының қоймаларында бар аталық бұқалардың ұрықтарының есебіне мониторинг жүргізу; ауыл шаруашылық малдарының аналық бастарына жүргізілген қолдан ұрықтандыру деректерін жинап талдау жасау, жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларының тізілімін жүргізу; ірі қара малдың тауарлы табынын тұқымдық түрлендіру жүргізу бағдарламасына мониторинг жасау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.05.2020
- город Нур-Султан, улица Кенесары, 36, здание Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
-
8-707-340-5668