Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы санаты С-4, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Геодезия және картография
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; жер кадастры бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; жыл сайынғы Қазақстан Республикасының жер балансын жасауға және қабылдауға, Қазақстан Республикасындағы жерлердің сандық және сапалы жай-күйі туралы жинақ талдау есебін жасауға қатысу; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бонитировкалық, топырақтық, геоботаникалық іздестірулер мен басқа да зерттеу жұмыстарының көлемін анықтауға қатысу; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастыру, бюджеттік өтінімдерді ресімдеу, жұмыстарды орындауға шарттар жасау, атқарылған жұмыстарды қабылдап алу; жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-МЖК ААЖ) енгізуді ұйымдастыру; бағдарламалық-техникалық кешендер, электрондық жүйелердің жинағы мен кадастрлық ақпараттарды сақтау негізінде МЖК ААЖ жаңғырту, оңтайландыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; бағдарламалық және техникалық жүйелерді таңдау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; МЖК ААЖ интеграциясы бойынша өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; МЖК ААЖ бағдарламалық өнімдерді кеңейтетін әзірлеушілер үшін техникалық тапсырыстарды әзірлеуге қатысу; жер кадастрын жүргізетін кәсіпорындардың ақпараттық мұқтаждығы негізінде және МЖК ААЖ бизнес-процесстері мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, байланыс және ақпараттардыру салаларындағы заңнаманың талаптарына сәйкес МЖК ААЖ жаңғыртудың стратегиялық және техникалық жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік электронды қызметтерді, жер кадастры саласында бизнес процесстерді электронды түрде оңтайландыру мен автоматтандыруды іске асыруды ұйымдастыру; жер кадастрын жүргізу мәселесі бойынша консультативті көмек көрсету; жер туралы деректерді жинау мен жүйелендіру, зерттеу мен сақтауды жүзеге асыру; жер-2 нысаны бойынша есептер жасау мен талдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Цифрландыру саласындағы іс-шараларға қатысу және жүзеге асыру. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.11.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 10- кіреберіс
-
8 (7172) 74-23-39