ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің жүктілікке және босануына байланысты демалыс кезеңіне, 09.02.2022ж)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Шақырылған байқаушылар қажетті жағдайда қашықтықтағы видеобайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

    Қажетті жағдайда ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтағы видеобайланыс құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

    Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы)54-тармағынасәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

    Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

    Функционалды міндеттер

    Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу. Қызметкерлерге жұмыс орын растайтын анықтама дайындау. Мекеме мұрағатының жұмыстар ұйымдастыруы, іс номенклатурасын құрастыруы, мемлекеттік сақтауға беру үшін құжаттарды таңдап, құндылықтарың сараптауы; қызметкерлердің қызметке жарамсыздығы туралы құжаттарды тіркеу, қызметкерлердің іссапарға шығу туралы бұйрықтарды толтыру, журналға тіркеу, қызметкерлердің жеке істерін тиісті деңгейде жүргізу, оларды сақтау. Көшiргi-көбейткiш жұмыстары  басуы орындауын қамтамасыз ету. Тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер туралы, жұмыстан босатылған және ауысып кеткен қызметкерлер бойынша, сыбайлас жемқорлықтың тақырыбына сөз сөйлеулерге бойынша мәлiметті медиа есепке алуы, мемлекеттiк қызметшiлерге негативтi материалдардың БАҚ-да жариялаулары туралы қабылданған шаралар туралы, коррупциялық әсер етулердiң айғақтары туралы БАҚ-да жариялаулары есептерін жинақтап, апта сайын (ОАИ бөлімдерінің берілген ақпараттарын жинақтап) жүргізілген жұмыстар туралы есептерді жоғарғы тұрған органдарға уақытында тапсыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 22.10.2021

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.10.2021 – 27.10.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    01.11.2021

    Сұхбаттасу орны

    Орал қаласы ,Қасым Аманжолов көшесі, 75 үй

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-7112-507351

    8-7112-507529