Мемлекеттік қызметтер және цифрландыру басқармасының басшысы, уақытша (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезеңінің аралығы 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін) санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма қызметін координациялау және ұйымдастыру; Басқармаға түсетін хат-хабарларды қарау және тарату; басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің өкілі болуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; жер қатынастары саласындағы АӨК ақпаратты дамыту және жетілдіру үшін негізгі бағыттар мен басымдықтарды жүзеге асыру туралы өз құзыреті шегінде шешім қабылдау; жер қатынастары саласын цифрландыру саласындағы жобаларды инициализациялау, координациялау және мониторинг жүргізу; жер қатынастарын цифрландыру саласындағы жүйелерге мониторинг жүргізу және интеграциялау және оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; жер қатынастарын цифрландыруға қатысты ішкі құқықтық актілерді келісу және материалдарды, анықтамаларды әзірлеу;  жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асыру және оларды іске асыру; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жер ресурстары, геодезия және картографиябойынша жобаларын жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-МЖК ААЖ) енгізуді ұйымдастыру; бағдарламалық-техникалық кешендер, электрондық жүйелердің жинағы мен кадастрлық ақпараттарды сақтау негізінде МЖК ААЖ жаңғырту, оңтайландыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; бағдарламалық және техникалық жүйелерді таңдау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; МЖК ААЖ интеграциясы бойынша өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; МЖК ААЖ бағдарламалық өнімдерді кеңейтетін әзірлеушілер үшін техникалық тапсырыстарды әзірлеуге қатысу; жер кадастрын жүргізетін кәсіпорындардың ақпараттық мұқтаждығы негізінде және МЖК ААЖ бизнес-процесстері мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, байланыс және ақпараттардыру салаларындағы заңнаманың талаптарына сәйкес МЖК ААЖ жаңғыртудың стратегиялық және техникалық жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік электронды қызметтерді, жер кадастры саласында бизнес процесстерді электронды түрде оңтайландыру мен автоматтандыруды  іске асыруды ұйымдастыру; Басқарма құзырына кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2021 – 18.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.10.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 10- кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-23-39