"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" ММ Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізеді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді; инспекция мамандары мен қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын рәсімдейді; негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарды әзірлейді және іссапарға жіберудегі құжаттарды рәсімдейді; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; кадр мәселелері бойынша есеп берулерді Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне ұсыну үшін дайындайды; мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың рәсімделуін және қалыптасуын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2021 – 01.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Бөгенбай батыр даңғылы 6А

Анықтама алу үшін байланыс

Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің телефоны 8 (7172) 98-86-21