ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе бухгалтерлік есеп және аудит немесе қаржы немесе  экономикалық кибернетика) немесе білім немесе құқық (құқықтану), (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б) 5 Мб аспауы қажет).

Функционалды міндеттер

бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының орындалуын бақылау; облыс және қала аумағында бухгалтерлік есеп нормалары мен стандарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; бухгалтерлік есеп және қаржыландыру жөніндегі жедел сұрақтарды шешу; материалдық және қаржылық қорлардың мақсаты және оңтайлы пайдалануын бақылау; мемлекеттік сатып алудағы тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудің дұрыстағына бақылау жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2021 – 06.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.10.2021

Сұхбаттасу орны

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 111а үй

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00