ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі

Функционалды міндеттер

  1. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының жалпыға бірдей құқықтық оқуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына арналған оқу жоспарын ұйымдастырады және оларды жүзеге асыруға қатысып, олардың орындалуын бақылап отырады.
  2. Өзіне тапсырылған тиісті жұмыстарға және хаттарға жауап береді.
  3. Инспекция басшысына қол қоюға ұсынған келісім-шарттар, регламенттер, қаулылар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының нормативтерге сәйкестігін тексереді, қол қоюға берілген құжаттардың тиісті талаптарға сәйкес болған жағдайда, оларға белгі соғады.
  4. Талаптар мен шаруашылық дауларын қарау кезінде анықталған облыстық аумақтық инспекциясының барлық бөлімдері, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының  кемшіліктерін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды және бұл ұсыныстарды басшылыққа хабарлайды.
  5. Аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құжаттарының нормативтерге сәйкес жүргізілуін тексереді және практикалық методикалық құқықтық көмек көрсетеді.
  6. Комитетке инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды.
  7. Аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларында салынған айыппұл тексеру жұмыстары бойынша құжаттарды талап етіп, бөлім басшысына ақпарат дайындайды, құжат айналымы бойынша нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына жауапкершілік алады.
  8. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының салынған айыппұл  туралы мәліметтерді жинайды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеу журналдарын жүргізеді, құзырлы органдар жүргізген тексерулерді тіркеу журналын жүргізеді.
  9. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларында заңнаманы қолдану практикасын қорытып, ұсыныс жасау.
  10. Әр айдың соңғы күні бөлім басшысына жазбаша түрде атқарылған жұмысы бойынша ақпарат береді.
  11. Облыстық аумақтық инспекциясында, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларда қолданыстағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы мен іс жүзіне асырылуын бақылайды.
  12. Комитетке инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі дөңгелек үстөлдерді ұйымдастырады, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының қорытынды есептерін облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшыларынан жинақтап алады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2021 – 30.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.10.2021

Сұхбаттасу орны

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 6 ғимарат (әңгімілесу онлайн форматта болуы мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 771-856-08-85