ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Персоналды дамыту басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет атқаруына, мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингіне байланысты Министрліктің шешімдерін ресімдеуге бақылауды жүзеге асыру; тәртіптік шараға қатысты құжаттарды дайындау; қызметкерлердің лауазымдарына сәйкестігін айқындау жөніндегі аттестаттау комиссиясын құруға және оның жұмысына, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін айқындау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерін реттеу; Министрліктің аумақтық инспекцияларымен өзара іс-қимыл; персоналды дамыту бағыты бойынша қызметкерлерді, құрылымдық бөлімшелерді бағалау жөніндегі материалдарды дайындауға, Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау жөніндегі құжаттарды дайындауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштеріне жауап жобаларын дайындауға, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауға, есептерді уақтылы тапсыруға бақылауды жүзеге асыру; Министрлік жүйесінде тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік тіл саясатын жүргізу; тілдерді қолдану және дамыту жөніндегі перспективалық және ағымдағы салалық бағдарламалар әзірлеу және іске асыру және олардың орындалуын бақылау; Басқарманың ағымдағы мұрағатының жұмысын бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауын бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Кенесары, 36
-
+ 7 7172 555 - 870