Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы орындайды;

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттарының жобаларын әзірлейді:

  • Мемлекеттік бағдарлама;
  • Министрліктің Стратегиялық жоспары;
  • Министрліктің Операциялық жоспары;
  • Министрліктің «Мақсаттар ағашы»;
  • Министрліктің Басқару есептілігінің картасы;
  • Департаменттің Жылдық жоспары;
  • Басқарманың жұмыс жоспары;

Департамент үшін қажетті шығындар бойынша Бюджеттік өтінімдер; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар дайындайды; Министрліктің Жауапты Хатшысымен бекітілген бекітпеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде өзге де нормативтік құқықтық актілерді түзету немесе әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді және қалыптастырды, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірістік көрсеткіштерін талдайды, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.05.2020 – 15.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz