«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2022 жылдың 18 шілдесіне дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығымен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Жамбыл облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Ветеринария саласын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілері, Ветеринария саласын реттейтін Кеден одағы комиссиясының шешімін білуі.
Функционалды міндеттер
Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру. Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы аурулар қоздырғышын енгізу және таралуынан облыс аумағын қорғауға бағытталған шараларды іске асыру. Экспорттау, импорттау, транзиттеу және республиканың ішінде тасымалдау кезінде бақылауға жататын мемлекеттік жүктерге ветеринариялық бақылауды жүргізу, импорттық және бақылауға жататын басқа мемлекеттік жүктерінің тамақ өнімдері қауіпсіздігіне сынаманы алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарын салу, ветеринариялық есепті дайындау және ұсыну, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.07.2021
- индекс 080011, г. Тараз, улица Пушкина 140 «б»
-
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, мекен жайы: индекс 080011, Жамбыл облысы Тараз қаласы, Пушкин көшесі 140 «б» үй, анықтама үшін телефон: 8(7262) 51-69-46; факс 8 (7262) 43-07-93, электрондық мекен-жайы erzhanova.a@minagri.gov.kz