Жерді пайдалану мониторингі және жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Геодезия және картография
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығы үшін ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау; жерді пайдалану мониторингінің веб-порталын құру және дамыту; ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жерді пайдалану мониторингін жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыру; жер пайдалану мониторингiн ақпараттық техникалық қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен іс қимыл жасау; жер пайдалану мониторингi ақпаратының сапалығын қамтамасыз ету; жер пайдалану мониторингi әдiстерiн дамыту; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (жер қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштердің орнына бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 10-й подъезд
-
8(7172) 74-23-39