Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Павлодар облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Өсімдік қорғау және карантин
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантині мамандықтары бойынша жоғары ауыл шаруашылық білімі, экология және биология мамандықтары бойынша жаратылыстану ғылымдары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда агрономия мамандыары бойынша ауыл шаруашылық білімі, экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Зиянкестермен, арам шөптермен және өсімдік ауруларымен күрес жөніндегі жұмысты жүргізудің белгіленген технологиясын сақтауға бақылау; пестицидтердің уақытында түсуіне және дұрыс бөлінуіне, оны сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға, өсімдік қорғаудың жеке құралдарын уақытында және дұрыс қолдануға бақылау жасау; жоғары тұрған органдардың қаулылар мен өкімдердің орындалуын бақылау; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген өзге де уәкілеттікті жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.04.2021
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
8/7182/55-96-42