Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері бөлімінің бас маман—өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Павлодар облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантині, торыпақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы бойынша жоғары ауыл шаруашылық білімі, жаратылыстану ғылымдары экология мамандықтары бойынша.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығару және оның орындалысын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитарлық (карантиндік) сертификаттар беру; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген өзге уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.04.2021
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
8/7182/55-69-42