Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Директивалық құжаттарды, Комитеттің жоғары тұрған басшылығының тапсырмаларын орындау; бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; қаржы құжаттарының дұрыс және уақытылы рәсімделуіне бақылауды жүзеге асыру; қаржыландыру сұрақтары бойынша қызметті ұйымдастыру және жетекшілік ету; алдағы жылдарға жылдық бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік және салалық заңнамалардың нормаларына сәйкес қаржыландыру жоспары мен олардың есебін құрастыру, талдау жүргізу, Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне енгізу үшін бюджеттік өтінімдерді құру; міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жиынтық жоспарын құру; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржыландыру жоспарын орындау жөніндегі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы есептерін талдауды, жинауды жүргізу; дебиторлық және кредиторлық берешек жөніндегі есептерді жасау; Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу; бағдарлама бойынша жеткен жетістіктер жөніндегі ақпаратты қалыптастыру; келісім шарттарды тіркеу; төлемдік шоттарды дайындау және жіберу;  бюджеттік қаражаттың жұмсалуы бойынша, ай сайынғы мониторинг жүргізу; АӨК «Агробизнес-2020»; «ҚР АШМ көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы» даму бағдарламаларына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру; бюджеттік бағдармасын жүзеге асыру барысында ОАИ бойынша талдау жүргізу және тиімділігін бағалау қорытындысын жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.04.2020 – 16.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.04.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, ул. Кенесары, 36, здание Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

Анықтама алу үшін байланыс

8-707-340-5668