Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 3 мамырға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлардың диагностикасы бойынша ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуы үшін бақылау жүргізеді.
Аумақтық инспекциялардың және комитетке бағынысты ведомстволық ұйымдардың қызметін жақсарту жөнінде шаралар жоспарының орындалуын бақылайды.
«Мал шаруашылығының дамуына және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату үшін жағдайлар жасау» 249 бюджеттік бағдарламасының «Ветериарияда мониторинг, референция, лабораториялық диагностика» 102 және «Тағам қауіпсіздігін қаматмассыз ету» 102 қосалқы бағдарламалары бойынша көрсетілген қызметтерін бақылайды.
«Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталық» РМК ШЖҚ
қызметін үйлестіреді.
«Ветериарияда мониторинг, референция, лабораториялық диагностика» 102 және «Тағам қауіпсіздігін қаматмассыз ету» 102 қосалқы бағдарламалары бойынша жоспарын дайындайды және келістіреді.
Тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісімдейді.
Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.
Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.04.2021
- Нұр-Сұлтан қ, Кенесары к. 36
-
8 (7172) 555 945