Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің бас сараппшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    «Жануарлар ауруларының диагностикасы» 100 қосалқы бағдарламасы «Мал шаруашылығының дамуына және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату үшін жағдайлар жасау» 249 бюджеттік бағдарламасы бойынша бақылауды жүзеге асырады.

    «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК қызметін үйлестіреді.

    Жануарлардың аса қауіпті аурулардың диагностикасы  бойынша  ветеринариялық іс- шаралар жоспарын  әзірлейді, келіседі және бекітеді.

    Жануарлардың аса қауіпті аурулары  бойынша диагностикалық зерттеулер  жоспарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

    «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-дан келген диагностика бойынша айсайынға  қызмет көрсету актісін тексеруді жүзеге асырады.

    Өз құзыреті шеңберінде  ветеринария саласында қызмет жүргізетін жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметіне бақылау жүргізеді.

    Басқарама құзыры шеңберінде ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтауды талдауды және ұсынуды жүзеге асырады

    Тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағындағы  ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісімдейді.

    Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

    Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.

    Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген  жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 26.02.2021

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    01.03.2021 – 03.03.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    05.02.2021

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 555 945