Өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, СО5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (жеміс-көкөніс шаруашылығы және/немесе агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе өсімдік қорғау және карантин). Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
-карантинді объектілер ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;-фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;-карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;-әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиепжөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;-өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;-карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар береді;-импорттық себу материалдары мен отырғызатын материалдардың карантинді обьектілерінен және бөтен текті түрлерімен жасырын залалданған –залалданбағанын зерттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; -Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы заңнамасының сақталуын қадағалайды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды; -мемлекеттік қызмет көрсетеді;-фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылайды, өсімдік қорғау және карантині бойынша есептермен ақпараттарды дайындайды;-Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантині саласында басқа да лауазымдық міндеттерді атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.02.2021
- город Алматы, улица Макатаева, 15
-
8 (727) 397-50-92