Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік және орны ауыстырылатын объектілер басқармасының бас сараппшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, сондай-ақ ұйымдардың өндіру, сақтау және іске асыру, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларының пайдалануға қабылдауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерін Мемлекеттік комиссияларға қатысуын ұйымдастыру. Ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауына қатысты ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізу.

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету:

- ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәліктерін беру;

- ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларынсынақтан өткізу;

- ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру.

Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.

Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.01.2021 – 19.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.01.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945