Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры, санаты С-1, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Департамент директоры)

Орташа лауазымдық айлықақы

289700 - 391104

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Ветеринария
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Мүмкіндігінше шет тілдерін білуі.

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін бақылау және ұйымдастыру; Департамент қызметкерлерін тағайындау және жұмыстан босату, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент құзыреті шегінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру бойынша басшылық ету; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету; сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындау және Министрлік жауапты органы болып айқындалған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізу бойынша бақылау және ұйымдастыру; Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының, Еуразиялық экономикалық комиссияның консультациялық комитеттері мен жұмыс топтарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырыстарына материалдар дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру, сондай-ақ осы отырыстарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу; Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) және т.б.) ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы саласында шет елдермен халықаралық келісімдер жасау бойынша бақылау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының шет елдермен, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру; жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында және шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) мен олардың кіші комиссиялары шеңберінде қол жеткізілген халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа да министрліктеріне тоқсан сайынғы және жартыжылдық есептік ақпарат дайындау бойынша бақылау және ұйымдастыру; Министрліктің алқа отырыстарына, кеңестерге қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің регламенттеріне және іс жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес Департаментте іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды сақтау; Қазақстан Республикасының аумағында агроөнеркәсіптік кешеннің жетістіктерін насихаттау жөніндегі халықаралық көрме қызметін ұзақ мерзімді кезеңге ұйымдастыру; Халықаралық экономикалық форумдарды ұйымдастыруға қатысу жөніндегі жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру; халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын, гранттарын тарту және техникалық көмек көрсету бойынша бақылау және ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.12.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.12.2020 – 28.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz