Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік және орны ауыстырылатын объектілер басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ветеринария саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша басқарманың жұмысын жалпы басқаруда келесідей сұрақтарды камтиды:
1) жануарлар ауруларының шығуына, таралуына жол бермеуге немесе жоюға, оларды алдын алу, емдеу немесе диагностикасын қосқанда бағытталған эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитарлық шараларды жүргізу;
2) жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп туғызатын аса қауіпті аурулармен жұқтырылған жануарларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), мәжбүрлеп алу және жою; жұқпалы аурулар, соның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан жануарлар мен адам денсаулығын қорғау мақсатында жануарлардың өнімділігін арттыру;
3) Жануарлардың денсаулығын, аумақтың ветеринариялық-санитарлық қолайлығын, жануарлар мен адамдар үшін ортақ аурулардан халықты қорғауды, сонымен қатар ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнаммасының талаптарына мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау нысандарының сәйкестігі бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізім бойынша жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын жою бойынша, ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қосқандағы бюджеттік бағдарламаларды және ветеринария саласындағы басқа мемлекеттік және шет елдік бағдарламаларды (жобаларды) жүзеге асыру;
5) азықтың өндірілуін, сақталуын, шеттен әкелуін (импорт) тасымалдануын (орны ауыстыру), сатылуын, қолданылуын (пайдалану) қоса алғандағы, азық айналымы;
6) ветеринариялық препараттардың, азық қоспаларының айналымы, олардың өндірілуін, сақталуын, тасмалдануын, апробациясын, тіркеулік сынақтарын, сәйкестігін анықтауды, қауіпсіздігіне және сапасына бақылауды қосқанда, ветеринариялық препараттарды және азық қоспаларын сату немесе қолдану кезінде олардың мемлекеттік Реестрін жүргізу.
Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібін сақтауларын, жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.12.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36
-
8 (7172) 555 945