Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің бас сараппшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2021 жылғы 21 мамырға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Тасымалданатын объектілерді импорттаушы кәсіпорындарды инспекциялау жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасына импортталатын, бақылауға жататын өнімдердің барлық түрлеріне ветеринариялық сертификаттар жобаларын әзірлеу және оларды шет мемлекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерімен келісуді ұйымдастыру.

Ветеринария саласында Комитеттің аумақтық және бағынысты бөлімшелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауды  және бақылауды жүзеге асыру.

Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.

Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген  жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.11.2020 – 17.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.11.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 815