Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 01.09.2020 ж. бастап 30.06.2022 ж. дейін), санаты С-3, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Комитетпен дайындалатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу жұмыстарын үйлестіру; Комитеттің талап-арыз жұмыстарын барлық сот сатыларында ұйымдастыру және жүргізу; соттың істі қарауына әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қатысуымен болған сот тәжірибесі дауларына талдау жүргізілу жұмыстарын ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелер жазбаша ескерткен жағдайда, шарттық міндеттемелерді орындамаған өнім берушілерге тиісті шаралар қолдану; заңды күшіне енген сот актілерін орындау мақсатында шараларды қолдануды заңнамалық қамтамасыз ету;Комитетпен бекітілген шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қатысу, шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда әрекет ету шараларын қолдану; Басқарма құзыретіне қатысты басшылық тапсырмаларын, директивалық құжаттарды орындау; тұрақты негізде Комитетте нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізуді үйлестіру және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін сала бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Комитеттің аумақтық инспекцияларына, ведомстволық бағынысты ұйымдарына заңнамалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық сұрақтар бойынша Комитет қызметкерлеріне кеңес беру; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарастыруға қатысу; Басқарманың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; Басқарма қызметкерлеріне жалпы басшылық ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.11.2020 – 16.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.11.2020

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

555-885