Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

 

бухгалтерлік есеп және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады; банк құжаттарының жүйеленуін жүзеге асырады; облыстың ҚР АШМ АӨК МИК орталық аппарат пен аудандық және қалалық аумақтық инспекциялар бойынша балансты құрастыру; шығындалған бюджеттік қаражаттарға, улы химикаттар мен пестицидтердің қозғалысына есеп және бақылау жүргізеді; дебиторлар мен кредиторлармен есептердің есебін жүргізу;  мемлекеттік сатып алулардың жылдық есебін әзірлеу; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың қызметкерлерінің жалақысын есептеу және аудару;  қаржыландыру жоспарын орындау процессінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасайды; сенім хат пен есептердің есепке алынуын ұйымдастырады; түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтауды, есепте көрсетілуін жүзеге асырады; статистикалық есептерді, есептерді әзірлеу және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру; бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының нормаларын қолданбау арқылы тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың жеткізушілерімен келісім шарттарды әзірлеу; мемлекеттік сатып алулардың жоспарының әзірленуіне қатысады; бөлімнің іс – қағаздарын жүргізеді; ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде келісім шарттарды тіркеуге өтінімдерді құрастырады. Іс – қағаздар номенклатурасын, бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.11.2020 – 16.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.11.2020

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі, 23а

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 37-40-75, 51-52-61