Қоғаммен байланыс басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің атқарып жатқан іс-шараларын толық жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынас (баспасөз-конференциясы, брифингтер, баспасөз-ланчтер, баспасөз турлары, PR –акциялары;  сұқбат беру, баспасөз-релизін дайындау) жасау; аграрлық саясат саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау; Министрліктің атқарған істері бойынша БАҚ құралдарын жедел ақпарландыру; БАҚ құралдарының сұрақтарына жауап дайындау, БАҚ-тың өзекті сұрақтарына талдау жасау; кезекті басылымдарға жазылымдық компанияларын ұйымдастыру; Министрліктің интернет-ресурстарын қолдау мен жүргізуге, ҚР Ауыл шаруашылық министрінің ресми блог-алаңын модерациялауға бөлінген бюджеттік қаржыны дер кезінде игеруді ұйымдастыру; шұғыл брифинг ұйымдастыру; әртүрлі ақпараттық-бет-бейнеге байланысты іс-шараларға спикерлердің қатысуын ұйымдастыру; кіріс-шығыс хат-хабарларын дер кезінде дайындау. Жоғары басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2020 – 05.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870,